Ардагерлерге тегін маска таратты
Коронавирус індеті ел азаматтарының пандемияға қарсы тұрудағы бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетті. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, осындай қысыл-таяң уақытта әлеуметтік жауапкершілікті сезінген орыс драма театрының ұжымы да қаламыздағы соғыс және еңбек ардагерлеріне тегін маска тігіп таратты. Игі іске мұрындық болғандарға қариялар да алғыстарын жаудыруда.
-Ел басына күн туған кезеңде бірлігімізді танытып, індетке қарсы күресу – бәрімізге ортақ міндет. Осы орайда, “Біз біргеміз“ акциясы аясында көмек қолын созып жатқан орыс драма театрының ұжымына айтар алғысымыз шексіз. Біз ол кісілер берген 150 дана масканы қаламыздағы ардагерлер ұйымдарына теңдей қылып бөліп, таратып бердік, – дейді қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Р.Байсарина.