Қосжақты келісімге қол қойылды

Қостанай облысында "Қазпочта" АҚ-ның азаматтардың әлеуметтік картасы және өзге де жобалары таяуда жүзеге асады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен "Қазпочта" АҚ басқармасының төрағасы Қанат Алпысбаевпен кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.610c8a8b-5526-4719-9cf3-01c18a000751Кездесу барысында қос тарап "Қазпочтаның" жаңа жобаларын облыс аумағында іске асыру мәселелерін талқылады.
Қазіргі уақытта өңірдің елді мекендеріне 211 почта байланысының өндірістік нысаны және 30 франчайзингтік модел бөлімшелері қызмет көрсетеді.
 
Әлеуметтік картаны,KAZPOST Business мобильді қосымшасын енгізу, электрондық сауданы дамыту, e-commerce орталығын және фулфилмент орталығын ашу бойынша бірқатар жобаларды іске асыру жоспарда бар.
Тараптар ауылдық жерлерде пошта саласын дамыту бойынша өзара іс-қимыл туралы және Қостанай облысының "Қазақстан азаматының әлеуметтік картасы" пилоттық жобасын дамыту бойынша өзара іс-қимыл туралы меморандумдарға қол қойды.810b8fa4-ce1f-4aff-b0d4-f91f56b2d413
 
"Азаматтың әлеуметтік ID-картасы" жобасын пилоттық іске асыру шеңберінде Қостанай қаласының мектептері арасында бірінші кезеңде карта алушылардың тізбесі анықталды.
Картаның бірінші партиясын алушылардың тізімі анықталды – бұл 1 200 мың зейнетақы/жәрдемақы, АӘК және Мбөж алушылар, сондай-ақ әлеуметтік картаны шығаруға онлайн өтінім беру мүмкіндігі бар Post.kz порталы пысықталды.6b53b939-d8eb-402f-9034-cf5aba24e66e
Сонымен қатар,Kazpost Business жобасы енгізілуде– бұл nfcмодульі бар кез келген смартфонды қосымша жабдықтарсыз,тауарлар мен қызметтерді төлеу үшін жанасусыз төлемдерді қабылдауда сауда-сервистік кәсіпорындарға қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша.Тауарларға электронды ақы төлеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру Қостанай қаласының сауда базарларының шығыс-шығыс аумағында жүзеге асырылады.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓