Игі шара Рудныйда жалғасты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ел аумағын көгалдандыруға қатысты алдағы бес жылда орман алқаптарында 2 миллиардқа жуық ағаштың, ал елдімекендерде 15 миллионға жуық ағаш отырғызылатынын айтып өтті.ed670b5c-0e67-4165-a0d6-59c7101c3221
Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша «30 жылдық мерейтойға – 30 мың түп ағаш отырғызу» акциясын қолға алды.Экологиялық шарағарудныйлық «Нұр» мешіті де үлес қосты. Бас имам Бектұрсын Уәлиев бастаған бір топ дін қызметкерлері мен жамағат мешіт аумағын күл-қоқыстан тазартып, 30 түп қарағай, қайың көшеттерін отырғызды.c126849a-b9b3-44f8-a885-8d53bdde5fe7
bd966a9b-2b98-4413-9738-077cbe4f0b09–Халқымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейтін даналық бар. Өзгеге сая болу үшін, әрі қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында тал егу дәстүрі елімізде ертеден қалыптасқан. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбар да «Кімде-кім бір тал ексе, Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады» деген. Сондықтан да тал егудің пайдасы да, сауабы да мол,– дейді Бектұрсын Торғайбайұлы00e95ae6-160b-4b04-8000-37004da70fa8
0a5dd574-081c-47ce-9e64-906eba580e9bҚМДБ-ның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты жер-жерде 30 жетім балаға, 30 отбасына қайырымдылық көмек көрсету, 30 елдімекеннің ауыз су, жол-көпір мәселесін шешуге ықпал ету, 30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу сияқты сауапты да салауатты шараларды жүзеге асыру жоспарда бар.
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓