Әріптесіміз «Алтын кітап» лауреаты
2005 жылдан бері “Қостанай облысы жастарының “Алтын кітабы” жобасы жүзеге асырылып келеді. Сол уақыттан бері жыл сайын ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы талантты, патриотты, ғылымда, спортта, бизнесте, саясатта ерте көрініп, араласа бастаған іскер жастардың жаңа есімдерін сол кітапқа енгізу дәстүрі үзілмей келеді. “Алтын кітапқа” өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуына зор үлес қосқан, облыстың атын сырт жерлерге танытып жүрген, халықаралық, республикалық жарыстарда, байқауларда жеңімпаз атанған талантты, дарынды жастар есімі кіреді.
Осы кезге дейін «Алтын кітапқа» 10 номинация бойынша 150-ден астам жастың есімі енгізіліпті. Аталмыш байқауға биылғы жылы да жаңа есімдермен толықты. Сол үздіктердің ішінде «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қымбат Досжанова да бар. Әріптесіміз журналистика саласында «Алтын кітаптың» лауреаты атанды.