Кезекші сыныпта – 96 бала

Меңдіқара ауданына сапар барысында Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясында болып, бастауыш сынып оқушыларының штаттық режимде қалай оқып жатқанын көріп қайттық. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, «кезекші сынаптар» ашылған. Барлығы мектепте 1-4 сынып аралығындағы  кезекші сыныпта 96 бала оқиды.  Ал 5-11 сынып аралығындағы 184 бала қашықтан білім алуда. Санитарлық нормаларды сақтау үшін мектеп дезинфекциялау құралдарымен толық қамтамасыз етілген.
IMG_8772
IMG_8802
–Биылғы оқу жылын біз  1-4 сыныптар  кезекшілік сыныппен ал 5-11 сыныптар  қашықтықтан оқуды бастады.  Бізде 9 кезекші сынып бар. Оқушыларды  ата-аналар  мектеп есігіне  дейін  ғана  шығарып  салады,  мектеп  ішіне  кірмейді. Оқушылар кіргенде  бір есіктен кіріп, үйге  қайтарда  басқа есіктен  шығады.  Ара қашықтықты сақтап, оқушыларды әрбір сынып жетекшілері қарсы алады. Мектеп ішіне кіргенннен кейін қолдарын антисептикалық құралдармен зарарсыздандырып, мейірбике дене қызуын өлшейді. Содан кейін сынып жетекшілері кабинетке алып кетеді. Әр сынып үзіліске әртүрлі уақытта шығып,  бір бірімен қарым қатынасқа түспейді. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 5-11 сынып оқушыларына мұғалімдер қашықтықта білім беруде. Педагогикалық  кеңестің шешімі мен мектеп мұғалімдері  «Күнделік kz» және  «Онлайн мектеп» платформаларымен білім   беруде, – дейді Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп гимназиясының оқу ісінің орынбасары  Күләш Тілебаева.
IMG_8781IMG_8835
Сондай-ақ, мектепалды даярлық сыныбында да сабақ кестесіне сай 15 бала  білім алуда. Барлық балалар бетперде киіп оқып жатыр.
 
 
Меңдіқара ауданы.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓