«Триумф» жеңімпаздары марапатталды
Тұңғыш Президент күні қарсаңында облысымыздың үздік жастары марапатталды. Олардың қатарында облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі зияткерлік, шығармашылық және спорттық сайыстарының жеңімпаздары бар.
Аталмыш іс-шараға өңіріміздегі жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Әр салада жетістікке жетіп, ұстаздары мен ата-аналарының сенімін ақтап жүрген оқушыларға арнайы сый-сияпат жасалды. Жеңімпаз жастарды облыстық білім басқармасы мен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшылары құттықтады.
-«Триумф» байқауы ең үздік өрендерді қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қостанай жерінде түрлі салада жетістікке жетіп жүрген жастар жетерлік. Олар біздің мақтанышымыз! Өткен оқу жылында облысымыздың оқушылары 190-нан астам зияткерлік сайыстарға қатысты,-деді облыстық білім басқармасының басшысы Әлия Төртқараева.
Қымбат Досжанова
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков