Медициналық мекеме салынуда

 «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыкөл ауданының  Комсомол ауылдық округінде дәрігерлік амбулаториялық нысан салынуда.  25 орынға шақталған бұл стационар күндізгі және түнгі ауысым бойынша жұмыс жасайтын болады.  
Құрылыс барысынан көрінісБұл әлеуметтік нысанды «Гренада» фирмасының білікті мамандары салуда.IMG_2636 Олар ауылдан 15 адамды жұмысқа тартқан, сондай-ақ, құрылыс қарқынын үдету үшін өз фирмаларынан 5 кірпіш қалаушы алдыртпақ. Қазір құрылыстың қарқыны қызған шақ,  медициналық мекеменің қабырғалары қалануда. Электр жүйесі орнатылып, жарықтандырылмақ. Мұндағы өз ісінің білікті мамандардың айтуынша, әлеуметтік  нысан осы айдың аяғында тапсырылмақ.
Мінеки, Комсомол ауылында жақында  замануи дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетпек.
 
Руслан Әлкей
Сарыкөл ауданы 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓