Рудный қаласында үстіміздегі жылдың қараша айында перинаталдық орталық ашылады деп жоспарлануда.

Облыс әкімі мен “ENRC” компаниясы басшысы арасында жасалған меморандум аясында бұл орталықты жабдықтауға 50 млн. теңге бөлінген. Сондай-ақ, дәрігер-неонатологтар мен реаниматологтарды оқыту үшін Минск медициналық университетімен келісім жасалған. Жалпы, екі жыл ішінде аталмыш білім ордасында 42 маман білімдерін жетілдірген көрінеді.