Облыста суармалы алқапты кеңейте түсу жоспарланып отыр
2026 жылға дейін астықты өңірде суармалы алқаптың көлемі 4 мың гектарға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы облыстық егіншілікті ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тимур Бейсембаев айтып берді.
-Биыл суармалы учаскелерде 7,1 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар егу жоспарланып отыр. Оның ішінде ең үлкен аумақ – 2,8 мың гектар картопқа тиесілі. Жем-шөп – 1,8 мың гектар, дәнді дақылдар – 1,3 мың гектарға, көкөністер 700 гектарға, майлы дақылдар 400 гектарға, бақша дақылдары 70 гектарға себілмек. 2026 жылға дейін Арқалық, Аманкелді, Б.Майлин, Денисов, Жітіқара, Меңдіқара аудандары тәрізді облыстың алты өңірінде суармалы алқаптың көлемі 4,1 мың гектарға ұлғайтылады, – деді басқарма басшысы.
Айта кету керек, соңғы үш жылда облыста барлығы 2473 гектар суармалы жер пайдалануға берілді. Биыл өңірде 410 гектар игеріледі деп жоспарланған.
Әлібек ЫБЫРАЙ.