Облыс әкімі Қарабалықта (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Қарабалық ауданына барды. Аймақ басшысы осы іссапары туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.c5117e1a-ed37-4446-bf02-8f748fecbceb4c3af668-9d4e-44a5-829c-e6393fa51351Облыс басшысы бірінші кезекте «Poultry-Agro» ЖШС құс фабрикасында болды.Фабрикада жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Өндірістік қуат жылына 20 мың тоннаға дейін жетпек. Жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында субсидияланған. 2020-2023 жылдарға жоспарланған инвестиция сомасы – 4 млрд теңге. Мұнда 260 жұмыс орны ашылмақ.7d7beee2-8033-40d6-aa0b-1663c004493b1b535df0-c946-4204-88fe-25b79f8942d74cc063f5-0c06-4f69-b13e-c604686bab22Бұдан кейін аймақ басшысына "Жұмыспен қамту жол картасы" жобаларының жүзеге асырылу барысы таныстырылды. Қарабалық кентінің көшелеріне 100 млн теңгеге орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл жұмыстар аясында 25 жұмыс орны құрылған.db1cb495-5e50-4efa-8e96-db44e7a1f4f73554094e-ffde-4b00-9efb-52cb1f228686Сонымен қатар, «Орталық» стадионының футбол алаңында жалпы құны 52 млн теңге болатын ағымдағы жөндеу жұмыстары басталған. Бұл жерде жаңадан 13 жұмыс орны ашылды.2cea861e-610f-4acb-87b0-35f26150e1b9f06dd618-7ecc-41aa-b936-fccce876c311bf4d5fe3-7150-40f2-b882-027f2630df2730860f7f-1e12-40d4-879d-b6918aca9c3d"Сондай-ақ, аудандық аурухананың ағымдық жөндеу барысын қарап шықтым. Жобаның жалпы құны – 90 млн теңге. 23 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 11 адам жұмысқа орналастырылды, – деп жазды А.Мұхамбетов. – Жалпы, Қарабалық ауданында жалпы құны 305 млн теңге болатын ЖҚЖК арқылы 4 жоба іске асыру басталды, 84 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 42 адам жұмысқа орналасады".09bf54dd-2d25-4b6e-8e41-8e13eb5fb9a4e6bf2d9b-6a3a-485d-80fd-3d36e2df6d12e9c91943-2c7f-47a1-a8cc-ff2bb859df22ce238684-6687-4440-8e06-1cd7e5e11e0aОблыс әкімі одан әрі «Қарабалық көмек алаңы» фронт-кеңсесіне барды. Фронт-кеңселердің қызметі халықпен байланысты жеңілдетуге және азаматтарға қызмет көрсетудің ашықтығын, қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, қазіргі уақытта қалалар мен аудандарда 18 кеңсе жұмыс істейді.9a9b531a-5b11-4edc-8a99-2297b59cb9cd76cc02c8-53b0-401c-b3e6-bbab5777b5be0b75e56b-7687-45c4-a869-6bd4c3dc9e68Іссапар барысында көктемгі егіс жұмыстары да назардан тыс қалмады. Архимед Мұхамбетов «Агро-Торо» ЖШС егіс алқабында болып, ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесу өткізді. Жиын барысында өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды, сондай-ақ диқандардың мәселелері тыңдалды. Биыл Қарабалық ауданы бойынша 244,7 мың га алаңға дән сіңіру жоспарланған.96c7dc02-31e5-4b36-a9a0-21766f885fb1aa5b98a1-c798-4e45-a0da-92950fe40be9b428328b-05d6-4711-85be-b59f782bf8b2f41a84bb-2017-4082-9d8a-42df382a7b996dbe49cc-ac98-4562-a0de-25b785a18b11f18c30fe-1292-4a98-91b7-a5930f52ebc4Сапар қорытындысында аудан әкіміне ЖҚЖК жобаларын іске асыруды бақылауда ұстау, сондай-ақ егіс науқанын уақытында аяқтау тапсырылды.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓