Көмек көрсетілді

 Қарттар күнінде Жеңістің 70 жылдығына арналған «70 игі іс» патриоттық акциясы аясында «Өз қолымыздан» атты  айдары бойынша игілікті іс жүзеге асырылды.
Соғыс ардагері және студенттерБұл акцияның басты мақсаты – мейірімділік сезімін ояту, соғыс және еңбек ардагерлеріне және аға ұрпаққа құрмет  көрсету. Осы қағиданы ұстанған «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Талғат Жауғаштиннің басшылығымен белсенді жасотандықтар, яғни Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің студенттері Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Дмитриевич  Черепахиннің үйіне барып, картоп жинауға көмектесті. Ал ардагер болса, балаларды жылы жүзбен қарсы алып, оларға еселеп тер төккен еңбек жолын баяндап, соғыс жылдарынан  сыр шертті. Жалындап тұрған жас жігіттер ардагердің тарихқа толы өмір жолын аса қызығушылықпен тыңдады. 
Сондай-ақ, дәл осы күні аталмыш акция аясында Весело-Подол орта мектебінің 6-сынып оқушылары да өздерінше игі іске өз үлестерін қосты. Яғни, олар Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі, тыл еңбеккері Т.К.Головинаның үйіне барып, соғыс жылдарындағы өмірі жайында сұрап, үлкен кісіге ізеттілік көрсетіп, қол ұштарын созды. 
 
Руслан Әлкей
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓