Жерлестеріміз Азия чемпионы атанды!
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен 17-ші Азия ойындарында қазақ боксшылары бұрын-соңды болмаған теңдессіз жеңіске жетті. Жерлестеріміз 6 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орынды еншіледі. М.Айтжанов шәкірттерінің сапында ел намысын жыртқан қостанайлық Иван Дычко мен Антон Пинчук те ақтық сында еш мүдірген жоқ.
91 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Антон Пинчук ирандық Али Мазехеридің жолын кессе, 91 келіден жоғары ауыр салмақта сынға түскен Иван Дычко тағы бір ирандық Джасема Делавариді 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Естеріңізге сала кетейік, бұл жолғы Азия ойындарында спорттың 36 түрі бойынша 439 медаль комплектісі сарапқа салынған болатын (Барлығы 1454 медаль). Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте төртінші орынды иеленді. Біздің елдің алдына тек Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония құрамалары ғана түсті. Қазақ елінің құрамасы Азия ойындарында барлығы 84 медаль жеңіп алды (оның 28-і алтын, 23-і күміс, 33-і қола).Бұған дейін ұлттық құрама Катардың Доха қаласында өткен Азия ойындарында 85 рет жүлдегерлер сапынан көрінген еді.
Айбек Кәдірұлы