Мұнысына да шүкір
Футболдан ҚР Ұлттық чемпионатының Премьер-Лига командалары арасындағы додасы аяқталуға жақын. Ерте көктемде жарыс жолына шыққан он екі команданың алғашқы легі ( алты команда) чемпионат жүлделерін өзара сарапқа салса, екінші алтылық жоғары топта қалуы үшін жанталасуда. Өкінішке қарай, соңғысының сапында Қостанайдың «Тобылы да» жүр ілдебайлап. Жерлестеріміз бүгін өз алаңында Семейдің «Спартагын» қабылдаған.

Біз үшін маңызды үш ұпайға әупірімдеп қол жеткізген «Тобыл» әзірге сол 11-ші орыннан әріге жылжи алған жоқ. Қостанайлық команданының еншісінде 18 ұпай ғана бар. Енді жерлестеріміз 19 қазан күні Таразға қонаққа барады.
Айбек Кәдірұлы