Үздік үштіктің қатарында
Рудный қалалық жасөспірімдер мен балаларға арналған спорт мектебінің тәрбиеленушілері грек-рим күресінен өткен облыстық турнирде жеңіс тұғырынан көрінді.
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы В.Матвиенконың құрметіне ұйымдастырылған жарысқа 100-ден астам спортшы қатысқан болатын. Олар 9-11, 12-14 және 15-16 жас дәрежесінде сынға түсіп, 9 медальді сарапқа салды. Кеншілер шаһарының атынан шыққан 12 балуан алтынан алқа тақпаса, тағы төртеуі қос бірдей күміс, қола жүлделерді қанжығасына байлады.