Үш меркенің тоғысында бас қосты

Еңбек күні, Халықаралық қарттар күні және Ұстаздар күні мерекесіне орай Жанкелдин  аудандық білім беру бөлімі мен аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде сан ұрпақтың санасына ілім – білім сіңірген тұлғасы биік қарт ұстаздар үш мереке тоғысында бас қосты.
Суретте аудан әкімі АМектеп директоры Қ.Ражанов қысқаша білдірме жасап, бүгінгі таңдағы білім сапасының деңгейі жайында сөз қозғап, барлық ұстаздарды мерекелерімен құттықтады. Бұдан кейін жиналғандардың назарына ұстаз жайлы бейнекөрсетілім ұсынылды. Оның сыртында қарт ұстаздар мен жас ұстаздар әр топқа бөлініп Ыбырайтану сабағын оқып, белсенділік танытты.
Мерекелік дастархан басында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Асқарбек Ахметбекұлы білімді де білікті шәкірт тәрбиелеп, олардың болашақтарына ақ жол ашып берген қарт ұстаздарға шексіз алғысын білдіріп, бүгінгі жас ұстаздарымыз білім сапасына жете көңіл бөлулерін сөзіне арқау етіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамотасын Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры Қ.Ражановқа, “Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы” мемлекеттік мекемесінің грамотасын Қ.Топаев орта мектебінің директоры Н.Жақсылықовқа салтанатты түрде табыс етіп, аудан әкімінің алғыс хатын “өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері мен білім беру саласына сіңірген ерекше еңбектері үшін” Бидайық негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ж.Іңірбаеваға, Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің хореграфия бөлімінің мұғалімі Ж.Әлімбаеваға, Ы.Алтынсарин орта мектебінің әлеуметтік педагогы, математика пәнінің мұғалімі Б.Сейдахметоваға табыстады.
Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Н.Сейдахметов мерекелік құттықтау жылы лебізін жеткізіп, білім беру бөлімінің грамоталарымен 14 мұғаліміді марапаттады. Сонымен қатар бар ғұмырларын ұстаздық жолына арнаған Шалабаевтар мен Тұтқышовтардың отбасына білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымынын атынан алғыс хат тапсырып, иықтарына шапан жапты. Тәлімді түлек – мектеп мерейі демекші талай шәкірт тәрбиелеп, олардың сапалы білім алуына себепші болған қарт ұстаз “Ы.Алтынсарин медалінің” иегері Асанхан Шалабаев “біз ұстаздық еткен жылдары  заманауи техналогиялардың дамымаған кезеңі болсада ол кездегі ұстаздардың білім беруге ал оқушылардың үйренуге талпынысы күшті болатын. Күндіз – түн ізденуден жалықпайтын. Нәтижесінде біз оқытан шәкірттеріміз профессор, кандидат, ғылым докторы, ғалым, министр атанып, тәуелсіз елдің тірегіне айналып отыр. Біз бақыттымыз. Менің өз отбасыма келер болсам жұбайым Күлаш екеуміз он бала тәрбиелеп өсірдік. Соның жетеуі және үш келінім, төрт немерем менің ізімді жалғап, шәкірт тәрбиелеп ұстаз атанып отыр. Сіздерде осындай дәрежеге жетуге лайықтысыздар“, – деді қарт ұстаз.
Білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Хамзина “Дипломмен ауылға!” бағдарламасымен келіп, абыройлы қызмет атқарып жатқан жас ұстаздарды марапаттады.
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушылары ұстаздарға мерекелік  құттықтауларын жолдады. Мереке соңы әдеби – сазды концертке жалғасты.
 
                                                                     Байбатыр Ниязбекұлы       

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓