Федоров ауданының әкімі өткен жылдың қорытындыларын баяндады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Федоров ауданына жасаған іссапары барысында аудан әкімі Тәуба Исабаев өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады.

 

 
Былтыр ауданда өндіріс бағытында 72 млрд теңге пайда түскен. Атап айтқанда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында елеулі өсім бар. 
«Ауданның өндіріс секторы облыста 9-орында тұр. 2022 жылы өнеркәсіп кәсіпорындары 3 311,5 млн теңгенің өнімін шығарды. Ауыл шаруашылығы өндімдерін өндіру жөнінен 4-сатыға көтерілді. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 31 жоба мақұлдаудан өтті. Олардың барлығы субсидиялық кепілдемеге ие болды. Мал шаруашылығында да ілгерілеу бар. Былтыр жылқы басын көбейту жөнінен облыста 2-орыннан көріндік. ІҚМ және ұсақ мал басы да артты», – деп баяндады аудан әкімі.Оның айтуынша, Федоровта қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысы да қарқын ала түскен. Өңірде мұндай 11 нысан бар. Санамалап айтқанда екі бірдей шұжық цехы, бір диірмен, бес наубайхана және өсімдік майын өндіретін үш цех жұмыс істеп тұр. Негізгі капиталған құйылған инвестиция көлемі де артқан. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 млн теңгеге артық. Елді мекендерді ауызсумен қамту бағытында да елеулі нәтиже бар.
«Аудандағы 49 елді мекеннің отызына су желілері тартылған. 16 ауыл суды құдықтан ішіп отыр. Қалған үш ауылға ауыз су тасымалданады. Былтыр Успенов, Придорожный, Ленин, Первомай, Копыченка ауылдарына су тарату желілерін салуға қаржы бөлінді. Пешков-Федоров су құбырын кеңейтуге және Новошумный ауылына су желісін орнату құжатын дайындауға қаражат қарастырылды», – деп баяндады Т.Исабаев.
Қазір аудан көлемінде төрт ауыл газбен қамтылған. Өткен жылы Лесной, Березов ауылдарына газ тарату желілерін салу жобасын сараптамаға жіберуге облыс қазынасынан 2,2 млн теңге бөлінді. Жол жөндеу жұмыстары да белсенді жүргізілген. Былтыр жергілікті маңызы бар жолдар мен көшелерді қалпына келтіруге «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 656 млн теңге шығындалыпты.   «Осы жоба аясында 2022 жылы Пешков жалпы білім беру мектебіне күрделі жөндеу басталды. Оған 511,2 млн қарастырылған. Жұмыстар биыл аяқталады. Сондай-ақ, Новошумный жалпы білім беру мектебі 43,8 млн теңгеге ағымдық жөндеуден өтті», – деп толықтырды аудан басшысы. 
Ауданда орташа жалақы көлемі 24,9% өсіп, 190 мың теңгеге жеткен. Бұл жөнінен облыста 20-орында тұр.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓