МАҢЫЗДЫ БАҒЫТ – ЭКСПОРТ

Қостанай өңіріне жұмыс сапарымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келді.  Мемлекет басшысы алдымен   облыс орталығындағы балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісімен танысты.
187dae21b7b11e0aecb36c0cb9727722
Президентке пастерленген сүт өндірісі мен қайта өңдейтін заманауи жабдықтар көрсетілді. Кәсіпорын тәулігіне 130-150 тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын  қазақстандықтар жиі  тұтынатын «Новый день» сауда маркасымен сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарады. Дайын өнімнің 30%-і Ресейдің шекаралас аймақтарына экспортталады. Өндірісте 710 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. Шикізатты облыстағы 12 мыңнан астам жеке шаруа қожалықтарынан сатып алынады.
 – Зауыт тәулігіне 200 тонна өнім шығарады. Біз өз өнімдерімізбен Қазақстанның барлық аумағын қамтып отырмыз. Маңызды тағы бір бағыт – экспорт. Біздің тауарларды Мәскеуден де, Камчаткадан да табуға болады. Біз өз тұтынушыларымызға сапалы өнім ұсынғымыз келеді. Сондықтан өзімізге қарасты үш зауытқа үнемі жаңа жабдықтар сатып алып отырамыз. Соның арқасында біз жақында тауарлар тізіміне кілегей мен ірімшіктің бірнеше түрін қостық,-деді кәсіпорын басшысының орынбасары  Александр Блок. 
1c9cb1c306ab4bbcfa6086751a7c0281
Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның өндіріс қарқынын арттырудың жоспарымен танысып, сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты бірқатар міндеттер қойған болатын. Бүгін кәсіпкерлерді Жолдауды жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды. Ол «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асырудың да маңызды екенін атап өтті.
– «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекет пен Үкіметке қойылған міндеттерді жүзеге асыру тұрғысынан өте маңызды. Белгілі себептерге байланысты шешімін таппаған көптеген міндеттер, қазіргі уақытта, Жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы орындалуда. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы да, әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері де шешімін тауып келеді, – деді Президент.
Мемлекет басшысы сөз соңында кәсіпорын басшылығына қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін алғыс білдірді. Кездесуге қатысушылар Президент бастамасы бойынша өткізіліп отырған реформаларға қолдау білдіріп, Жолдауда айтылған мақсаттарға қол жеткізуге белсенді атсалысуға дайын екендерін айтты. Бұдан соң  Қасым-Жомарт Тоқаев «Заречный ҒЗИ « ЖШС егін алқабын аралады.
Бүгінде өңірде  күзгі дала жұмыстары аяқталуға жақын. Жергілікті диқандар астықтың шамамен 80% қамбаға құйып алды. Егін жинау науқанының биыл ерте басталуына ауа райы себеп болған. Жауын-шашын аз. Күннің ыстық болуына байланысты бидай ерте пісті.
1f0bca6cb478eb3bc7ac7397fa992ea0
Биылғы жаз шаруалар үшін аса қолайлы бола қойған жоқ. Дегенмен, алқаптардағы шығым көз қуантады. Жылдағыға қарағанда бидай бітік шыққан.  Диқандар әр гектардан 10 центнерден өнім жинап жатыр.
 -Бидай 3,4 гектар алқапқа  егілді. Қазіргі күні оның 3 млн 58 мың гектары жиналды. Облыс бойынша орташа өнімділігі 10 центнерді құрайды. Облыстың оңтүстік аудандарында 12-13 гектардан айналады. Егін жинау жұмыстары 5 тамыздан басталды. Алдыңғы жылдары айдың 20-сынан басталатын,-дейді  облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Есімжан Баймұханов.
Өңірдің экономикалық-әлеуметтік әлеуетімен танысқан Мемлекет басшысы  оның даму барысына оң бағасын берді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓