С. Хижниченко “Тобыл” ойыншысы атануы мүмкін
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын жалғастырып жатқан қостанайлық «Тобыл» футбол клубының сапына қосылды және келісім-шартқа қол қойып, «Тобыл» ойыншысы атануы мүмкін деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Хижниченко маусымаралық үзілісте жаттығуды «Ақтөбе» командасымен бастаған. Алайда, қаңтар айының аяғында ақтөбелік клубпен келісім-шартты үзген.
Бұған дейін шабуылшы «Восток», «Атырау» және елордалық «Астана» мен қарағандылық «Шахтердің», сондай-ақ польшаның «Корона» командаларында өнер көрсеткен.
Әсіресе, Сергейдің "Шахтер" командасындағы ойыны қазақ футболының жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ең алғаш қазақ футболын Еуропа төріне сүйреген – осы Сергей Хижничекно еді. "Тобылдың" бойына қан жүгіртіп, көш басына шығуға өз үлесін қосады деп сенеді қостанайлықтар.

Ескерте кетейік, «Тобыл» сапында бұрын «Ақтөбе» намысын қорғаған басқа да футболшылар бар. Олар – қорғаушы Дмитрий Мирошниченко, Виктор Дмитриенко, жартылай қорғаушы Йоан Чиприан Дяк.
https://www.youtube.com/watch?v=cygUjPfgClI
Кенже Қонысбай

Жаксы ойыншы