ҚАЛА КҮНІ ТОЙЛАНЫП ЖАТЫР

Кешелі бері Қостанай қаласының тұрғындары облыс орталығының  140 жылдық мерейтойы мен қала күнін тойлап жатыр. Қостанай мерейтойын мерекелеудің бірінші күні түрлі іс-шаралардан бастау алды.
Солардың бірі  – облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен өткен  Абай атындағы опера және балет театрының дирижері Мұхтар Қалдаяқов жетекшілігімен «Шәмші әлемі» атты мерекелік кеші.
DSC_0986
85e1711f-9a39-4bac-ab61-38d05664f0b1
Қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың үздік шығармаларын Абай атындағы   опера және балет театрының әртістері мен Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармония әртістері орындады.
 
d81130aa-9099-488f-9388-1eaad529bdeb Филармония оркестрінің сүйемелдеуімен «Ақ маңдайлым», «Әнім сен едің», «Сен сұлу» сынды әуезді әндері көпшілкке мерекелік көңіл-күй сыйлады.49ecf4f4-1fc3-493c-acb9-04e4056f8c7c
Шара соңында өнерпаздарға өңір басшысы Архимед Бегежанұлы мен қала әкімі Қайрат Ахметовтың атынан  «Ықылас гүлі» сыйға тартылды. Мемлекеттік әнұранның  авторы – Шәмші Қалдаяқов. Еліміздің басты әні – әнұранмен салтанатты кеш түйінделді. 
4b14870d-d296-479c-ac54-eafb1c312af0
Артынша аймақ басшысы  «Қостанай плаза» алаңына беттеді. Онда қала күніне орайластырылған «Жаңа номад» этно-фестивалі ұйымдастырылған. «Ұлы дала өркениеті» көрмесінде Қазақстан мен Ресейдің үздік қолөнершілерінің бірегей бұйымдары қойылған.  Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен өтіп жатқан көрмеде  көшпелі xалықтың тұрмысы мен мәдениеті көрсетілген.Сондай-ақ, қала мерейтойы қарсаңында сәндік қалалық келбетінің бір бөлігіне айналатын "Киік" арт-нысанының ашылу салтанаты өтті. Атаулы жұмыстың мақсаты –жай ғана қаланы әсемдеу және көлемімен өзіне назар аударту емес, Қостанай және ел тұрғындарын елеулі мәселеге  көз жүгіртіп, өңірімізде мекендейтін қызыл кітап жануарының жойылып кету қаупіне назар аудару. Нысанның авторы – Марат Махамбетов,  биіктігі – 7 метр, айна пластик материалынан жасалған.
Алдағы уақытта қаламызда бұдан бөлек,  Қостанай мен Қазақстаннан ғана емес бүкіл әлем авторлары орындаған тағы да 12 шығармашылық жұмыс пайда болмақ.
Мерейтой «Алтын аймақ – Қостанайым» облыстық және қалалық сайыстарының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтіп, «Тәуелсіздікке 25 жыл» жағалауында композитор,  орындаушы Лұқпан Жолдасов және «L-LINE» триосы өнерімен жалғасты.
Қала күні Қостанайдың ауа-райы тамаша. Тұрғындардың да, келген қонақтардың да көңіл-күйі керемет. 
       Шайзада ҚАПАНҚЫЗЫ,
Зейнеткер:
       –Сүйікті қаламыз жылдан-жылға көркейіп, дамып келеді. Биыл міне, 140 жылдығын да тойлап жатырмыз. Көңіл-күйіміз өте жақсы. Бала-шаға мәз-мейрам, көңілдері тоқ, бұдан артық не керек?! Баршаңызға айтар тілегім аспанымыз ашық болып, өміріміз шат болсын, еліміздің мәртебесі арта берсін!
Нұрсұлтан НУРФАИЛОВ,
Қала тұрғыны:
       –Қала күні өте жоғарғы деңгейде тойланып  жатыр. Сахнаны безендіруінің өзі керемет! Нағыз атына сай меркелік шара ұйымдастырылған. Достарыммен келіп көріп отырмын. Мереке күні осындай тегін кешті халыққа ұсыну өте орынды деп білемін. Себебі, көпшілік тойды сезінуі керек қой. Ал ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз!
69168e96-9854-4dda-8eae-ddc424e9dfeb
Қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынылған қызықты мәдени шаралардың бірі – этникалық музыка фестивалінде Нұр-Сұлтан қаласынан «DiArt Stylе» тобы, Башқұртстаннан «Құрайсы» тобы, Алматы қаласынан  «Ұлытау» тобы өз өнерлерін көрсетті.
f9865d10-603b-4d6e-85bb-c46279a1653e
  Қала күнінің кешкі бағдарламасы  облыс әкімдігі алдындағы алаңында КТК жазғы кубогінің «Құнарлы Қостанай»  арт-фестивалінің ашылуы өтіп, "Быть с нами – быть в тренде!" атты мерекелік концертке ұласты.
f253b31f-7445-49ae-a0d5-f563fa927997
Осылайша, Қостанай мерейтойын мерекелеудің бірінші күні от шашу шоуы мен «Da Gudda Jazz» қазақстандық тобы мен эстрада әншісі Диана Шарапованың өнер көрсетуімен  есте қалды.
Айта кету керек, мерекелік іс-шаралар «Кабельные сети» ЖШС ақпараттық каналының тікелей эфирінде, қаланың LED-экрандарында, әлеуметтік желілерде көрсетліп жатыр.
 

Суреттерді түсірген Б.Ахметбеков.
 

 
 

 

 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓