Ашықтық пен айқындық – қоғаммен диалог негізі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жаңа басым міндеттерді белгіленді.
2014 жылы қабылданып, 2015-2025 жылдарға бағытталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарының бірі «Қоғамдық бақылау институтын енгізу» екенін ескерсек, Президенттің «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеп, қабылдау жайлы тапсырмасы ерекше мәнге ие. Өйткені, біріншіден, қоғамдық бақылау институттарының мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындығын одан әрі жетіле түседі. Екіншіден, «Адалдық алаңы», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны сыртқы талдау және бағалайтын арнайы мониторингтік топтардың және басқа қоғамдық институттардың өзектілігі еселенен түсер еді. Президенттің мемлекет пен азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіруге кезекті рет назар аударғаны кездейсоқ емес, өйткені әжегі құртты" күш-жігер біріктіру арқылы ғана жеңуге болады.
Қоғамдық бақылаудың рөлін азаматтар арасында күшейту неліктен маңызды? Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен БАҚ-тың қоғам санасына ақпарат қабылдаудағы тигізер әсерін ескеру қажет. Мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ жалпы қоғамда болып жатқан қандай да бір жағдайлар мен үрдістер қысқа ғана уақыт аралығында интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы жаппай таралып, азаматтардың талқысына ие болады. Аталған құбылыстарға назар аударатын болсақ, жемқорлыққа куәгер болған немесе өзі душар болған азаматтардың қатары қыруар көрінеді. Алайда, кез келген деректі тексеріп, оның ақиқат не жалғандығына көз жеткізу қажет екенін ұмытпау қажет.
Осы тұрғыда қоғам белсенділері аталған проблематиканы ортаға салып одан әрі игеру мәселелерін толық қамти алады. Әр мемлекеттік органның қолдау маңызды. Біз өз тарапымыздан қажетті құқықтық және әдістемелік қолдауды қамтамасыз етудеміз. Бүгінде бүкіл республика бойынша "Антикор Live", "Адал көмек" сияқты жобалар жұмыс істейді. Олар азаматтарды ақпараттандыруда, тегін консультативтік көмек көрсетуде өз тиімділігін көрсетті. Сондықтан Президентіміз мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыру қажеттігін атап өтуі – өте орынды әрі уақытылы шешім.
Сонымен қатар, квазимемлекеттік құрылымдардың қаржы-шаруашылық қызметін, бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі мәліметтерді және басқа да құнды деректерді бүкіл қоғамға қолжетімді ету үшін бірыңғай ақпараттық ресурс құру аса маңызды болып отыр.
Осыған ұқсас ресурстардың бірі болып, сондай-ақ белсенді азаматтар үшін тағы бір әдістемелік көмек Президент белгілеген құрал – ашық бюджеттердің интерактивті картасы. Бұл құралдың негізгі ерекшелігі дәл осы сәтте әр азамат аталған интерктивті картадан облысымызда бөлініп әрі жұмсалып жатқан қаражаттың игеруіне көз жеткізе алады. Қостанай облысында іске асырылып жатқан 2914 бюджеттік бағдарлама бойынша 248 млрд теңгеден астам қаражаттың жұмсалуы туралы ақпараттың ашықтығы мен жалпыға қол жетімділігі қамтамасыз етілген.
Ел Президенті елдегі бизнесті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Экономикалық ауытқулар жағдайында кәсіпкерлікті қолдауды күшейту маңызды, инвесторлар өз қаражатының сақталуына сенімді болуы және сыбайлас жемқорлық қысымынан қуатты қорғауды сезінуі тиіс, қазірдің өзінде кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тарту фактілерінің жолын кесу бойынша шаралар қабылдануда, бизнес пен инвестицияларды қорғау бойынша жоба жұмыс істейді.
Алайда, барлық бастамаларға қарамастан, мемлекеттік органдар қоғамның қолдауына мұқтаж. Сыбайлас жемқорлық – екі жақты қозғалыс жолы. Яғни пара алушы ғана емес, пара беруші де бар. Сондықтан бүгінде парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Агенттіктің барлық бастамалары БАҚ-та белсенді жариялануда, әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс күшейтілді. Мониторингтер мен талдаулар жұртшылық өкілдерінің қатысуымен ғана жүргізіледі.
Тағы да бір ерекше атап өтетін өзекті мәселе – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына енгізілер өзгерістер. Осылайша Ел Президенті 2021 жылдан бастап, мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктеріндегі есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізу кажеттігін айтып кетті. Сол арқылы мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда, олар қызметінен босатылады. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасын қолданбау туралы шешімі де ерекше бастама. Жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталып, "бармақ басты, көз қысты" деректері туралы хабарлаған адамдарды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалыптастыру бағытындағы жұмыс жалғастырылуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұсынған бірқатар заңнамалық бастамалардың бірі – отставкаға кету институты және бірінші басшылардың бағыныштылары арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілеріне дербес жауапкершілігі. Енді әрбір басшы өзінің бақылауындағы мемлекеттік орган мен ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан қызмет үшін жеке жауапкершілікте болады. Сондай-ақ, отставкаға кету институты қазіргі таңда қоғам арасында ең жиі талқыланатын бастамалардың бірі екенін ескеру қажет. Өйткені азаматтар шенеунікті немесе қандай да бір басшыны жауапкершілікке тартып қана қоймай, мемлекеттік органның жұмысында фактілердің қайталану мүмкіндігін жоққа шығаратын оңтайлы өзгерістер болғанын көруі керек. Егер тікелей бағыныштылар мұндай қылмыс жасамаса да, айталық, талдау осы мемлекеттік органда немесе қандай да бір нақты облыстық бөлімшеде сыбайлас жемқорлық деңгейі күрт өскенін байқаса, басшыны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатынын көрсетеді.
Қорытындылай келе, Президентіміздің Жолдауы шеңберінде айтылған барлық бастамалар сапалы жүзеге асырылған жағдайда біз "сыбайлас жемқорлық" атты қоғамдық қатерден құтыламыз деуге толық негіз бар. Оның үстіне, азаматтық қоғамның мемлекеттік органдармен өзара жемісті жұмыс істеуге дайын әрі қабілетті екенін атап өткен жөн. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші бүгінде еліміздің әл-ауқатының артуы мен гүлденуі жолында қабылданған әрбір шешімге жауапты екенін түсінуі тиіс.
Қуаныш Бекбасов,
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы