Газ баллоны жарылды
Қостанай-2 шағын ауданында тұрғын үйдің мансардасы жанып жатқандығы туралы хабар ТЖ департаментінің кезекшілеріне 14 сәуір күні сағат 8.20 келіп түскен. Өрт газ баллонының жарылысынан болған. Соққы толқының күштілігінен пәтердің сыртқы темір есігі сыртқа ұшып кеткен.
Зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіліп, дереу қалалалық ауруханағана жеткізілген. Қазір 34 жасар ер адаммен 28 жасар әйел қазір жан сақтау бөлімінде. Олардың денелерінің 60 % күйген.
Өрт сөндірушілердің алдын ала болжамдары бойынша жарылыс газ баллонындағы ақаулық себебінен болған.
Махаббат Бекбай