Жаттығуға кетіп, сол күйі оралмаған: Қостанайда 17 жастағы қыз жоғалып кетті
Қала тұрғыны Ирина Сергушаға төртінші күн іздеу салынып жатыр.
Ол 29 қазан күні үйінен шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Полицияға Иринаның анасы көмек сұрап жүгініпті. Оның айтуынша, қызы соңғы рет жаттығу залына бара жатқанын айтқан.
Қазір кешенді іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оған полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Жоғалған қыздың қазір қайда жүргенін білетін адам болса, полицияға 102 телефон нөмірі арқылы хабар беруін сұраймыз, – дейді облыстық ПД баспасөз қызметкерлері.
Белгілері: еуропалық келбетті, бойы – 170 см, орташа денелі, көзі көк сұр түсті, қара шашты. Үстіне қара түсті куртка мен тақия, қара трико мен күрте, ақ кроссовка киген.