“Алтын кітап” жаңа есімдерді күтеді
1 қыркүйектен бастап Қостанай облысы жастарының "Алтын кітабының" үміткерлерінен өтінім қабылдау жүріп жатыр.
Сыйлық үздік нәтижелерге қол жеткізген өңірдің 14-29 жас аралығындағы жастарына келесі атылымдар бойынша беріледі:
-Білім және ғылым саласындағы үлесі үшін (жас педагогтар);
-спорттағы жетістіктері үшін;
-мәдениет және өнер саласындағы үлесі үшін;
-журналистика саласындағы үлесі үшін;
-волонтерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін;
-жастар кәсіпкерлігін және Start up жобаларын дамытуға қосқан үлесі үшін;
-ауыл дамуына қосқан үлесі үшін;
-"Жас саясаткер" мемлекеттік саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін;
-мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін;
-облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін;
-жас батырлар.
Қостанай облысы жастарының "Алтын кітабына" енген үздік есім иелеріне облыс әкімінің қолы қойылған сертификаттар табысталады.
Конкурс ережесімен танысу үшін және өтінім үлгісін көшіріп алу үшін төмендегі сілтемелерге өтіңіз:
Айта кетейік, 2005 жылдан бастап "Алтын кітапқа" 218 лауреаттың есімі енгізілген. Биыл аталмыш жобаның 15 жылдығына орай барлық лауреаттар «Алтын екеніңді дәлелде» атты клип түсірген еді.