Сенат депутаттарын сайлау басталды

ҚР Парламент Сенатының депутаттарын сайлау басталды. 
Қостанай облысынан үш кандидат ұсынылып отыр. Олар: №2 емхананың бас дәрігері Самат Шүменбаев, "Аmanaт" партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Жанар Қойшинова және облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.

Самат Шүменбаев пен Жанар Қойшинова – өзін-өзі ұсынушылар. Барлығы бес өтініш берілген еді, бірақ екеуін Орталық сайлау комиссиясы тіркемеді. 
ОСК мәліметінше, Сенатта жиырма бос орын бар. Өкілеттік мерзімі аяқталған осынша орынға 55 адам үміткер.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓