Әйелдерді еркектерден көп дейді…

Қостанай облысы еліміздегі әкімшілік аудандары мен мемлекеттік қызметкерлер саны ең көп өңірлердің бірі. 20 аудан-қалада 746 мемлекеттік орган болса, оларда 6381 штат бірлігі бар. Жалпы мемлекеттік қызметтің үштен екісіне жуығын, яғни, 62%-ын нәзік жандылар құрайды. Бұл 3697 адам. Осындай мәліметті өңірлік коммуникация орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық Депаратмент басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев айтты.IMG_1599– Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 40. 29 жасқа дейінгілер 24% құрайды. Аймақта вакансия жағы азайып келе жатқанын атап өткен жөн, – деді басшы орынбасары.
Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметте сатылап өрлеу төменгі қызметтерден өткендерге әрі тек конкурс арқылы, яғни, меритократия принципі (сіңірген еңбегіне қарай қызметтік сатыда өсіру) арқылы жүзеге асырылады.
– Өңірде мемлекеттік органдар жариялайтын барлық конкурстардың 48% – ішкі, қалғаны сыртқы, яғни, жалпы байқау. Ішкі конкурстардың нәтижесі бойынша 281 үміткер қабылданса, олардың 187-і жоғары қызметке лайық танылды. Демек меритократия принципі сақталуда. Біздің департамент өкілдері облыста жарияланған қызметтердің 642 әңгімелесу процедурасына қадағалаушы болып қатысты. Бұл қызметке тағайындаудағы ашықтықты әрі әділдікті қамтамасыз етеді, – деді Е.Салықбаев.
 
Қыдырбек Қиысхан

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓