Қайырым керуені

Тұрмысы төмен отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы әлі жалғасуда. Бұл жолы оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар алып беруге рудныйлық «Нұр» мешіті атсалысты.мечет
Қазіргі нарықта барлығы қымбаттап жатқан заманда баланы мектепке дайындау оңай шаруа емес екені анық. Бұл, әсіресе, жағдайы төмен отбасылардың қалтасына ауыр тиеді. Бір жағынан, пандемияның қыспағы көптеген азаматтарды табысынан айырып отыр.
Сол себепті жылдағы дәстүрінен айнымай, мешіт жамағаты мен қала тұрғындарының демеушілігімен бірнеше отбасыға көмек көрсетілді. Бас имам Бектұрсын Уәлиев мешіт жанында оқушыларға сөмке, мектеп құралдарын табыстай отырып, оларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
– Дінімізде білім алуды әрбір адамзатқа парыз еткен. Сондықтан да талмай білім алуға, ата-анаға мейірімді болуға, ұстаздарыңды құрмет тұтуға, оқуда озат болуларыңа тілектеспін, – дейді бас имам.Мечет2
Ата-аналар игі шараны ұйымдастырып, қайырлы істің басы-қасында жүрген имамға және демеушілік көрсеткен барлық жомарт жанға алғыс білдірді.
Қайырымдылық керуені мұнымен өз мәресіне жеткен жоқ. Кеше ғана «Нұр» мешіті Рудный қаласының емханасына осымен екінші мәрте тыныс алу аппаратын сыйға тартты.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓