Шолақсайдағы шарапатты шара

Президентіміз Қасым-жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өңірдің шалғай елді-мекендерінде «Қостанай таңы» күндерін өткізуді қолға алған редакция ұжымы бұл жолы Науырзым ауданының Шолақсай ауылына барып қайтты.DSCN5065
Басылымға жазылу науқанын насихаттауға арналған шаралар барысы Шолақсай орта мектебінде өтті. Газет тілшілері Қ.Оспанова, Ш.Қоңқабаева, А.Айқадамовалар мектеп ұжымымен кездесіп, 10-11-сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті газетім» тақыбырында эссе және «Ауыл – елдің айнасы» тақырыбында фотоэтюд байқауын ұйымдастырды. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, мамандық таңдауға қатысты шеберлік сабағын өткізді. Ал шара соңында байқау барысында үздік шыққандар сараланып, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Аталған шараны ұйымдастыруға қолдау білдіріп, демеушілік жасаған «Шолақсай-1» ЖШС директоры М.Ихтиляпов, Шолақсай орта мектебінің директоры Ж.Нұрсейітовалар облыстық «Қостанай таңы» газетінің Директоры-Бас редакторы Ж.Аязбековтың Алғыс хатымен марапатталды.DSCN5045
DSCN5048
DSCN5145Біздің бұл өңірде өткен іс-сапарымыз туралы ақпараттың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.
Үш қыз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓