Тәртіпке қорған, тілге жетік

5 қыркүйекте ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні қарсаңында жыл сайын Қазақстан халықтарының тілдері күні атап өтіледі. Осыған байланысты, Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова мемлекеттік тілді дамытуға елеулі үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілерге, журналистерге және қоғам қайраткерлеріне алғыс хаттар табыс етті. Марапатталғандардың қатарында Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері де бар.5a8421be-d00b-4591-94b6-b9f794d79c3dОблыстық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының тергеушісі Евгений Лешков пен Қостанай қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторы Владислава Сидорова қазақ тілін еркін меңгерген. Ал полиция капитаны Евгений Лешков қылмыстық істерді мемлекеттік тілде де тергейді.
– Мен облыс орталығындағы қазақ-түрік лицейінде оқып, қазақ тілін меңгердім. Мемлекеттік тілді меңгерудің арқасында көп жетістікке жеттім, өйткені менің мамандығымда көмекке жүгінген азаматтарды түсіну маңызды, – дейді тергеуші Евгений Лешков.a7b40901-2e1d-4acf-8275-da668892c1d8Полиция лейтенанты Владислава Сидорова Арқалықта туып, бала кезінен қазақ тілін біліп өскен.
– Мен Арқалықта туып, Жарқайын ауылында өстім. Онда барлығы қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Менің ойымша, тәуелсіз Қазақстанның азаматтары мемлекеттік тілді білуі керек, – дейді ювеналды полиция инспекторы.
Марапаттау рәсімінде Тілдерді дамыту басқармасының басшысы полиция қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгерудегі белсенділігін ерекше атап өтті.ca118880-beb1-46c2-9e9a-db33e80d3b67"Оқу орталығында онлайн оқыту жалғасуда. Жұмыс режимінің күшеюіне қарамастан, қостанайлық тәртіп сақшылары әрдайым тілдерді үйренуге уақыт табады," – деп атап өтті Г. Мендекинова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓