Тұрғындар өрттен құтқарылды

Өткен демалыс күндері Қостанайда және Рудный қаласында пәтерлер өртенді. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. өртРудныйда 24 қараша күні екі өрт оқиғасы тіркелді. 13 адам құтқарылды, олардың бесеуі – бала. 
"Бір бала құтқарылды. Алдын ала болжам бойынша, өртке балалардың бейсауаттығы кінәлі. Тағы бір оқиға үйдің 9-қабатында болған. 24 адам ғимараттан оқшауландырылды, оның үшеуі – бала. Өртке оттықты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін", – делінеді хабарламада. 
Қостанай қаласының Тәуелсіздік көшесіндегі 5-қабатты үйде де осындай оқыс оқиға болды. 20 адам ғимараттан тысқа шығарылды. Өртке электр желілеріндегі қысқа тұйықталулар себеп болуы мүмкін.
Барлық оқиғадан жапа шеккендер жоқ. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓