“Елінің ерен еркесі”

Газетіміздің биылғы 11 сәуір күнгі санында "Елеусіз қалған есімдер" айдарымен Қостанайдағы облыстық филармонияның алғашқы директоры, кезінде "Большевиктік жол" газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет еткен ақын, журналист, композитор Ехсан Есетов туралы естелік мақала жарық көріп еді.
IMG_6139
Онда есімі ұмыт бола бастаған ағамыз туралы қолда бар деректерді оқырман назарына ұсынып едік. Күні кешелер редакциямызға асыл ағамыздың ұлы Марат пен келіні Күләш сол жариялымның авторы ретінде мені іздеп келіп, жақында ғана өздері баспадан шығарған Ехсан Есетовтың "Естеліктер" атты кітабын сыйға тартты. Бұл жәдігерде журналист Есетовтың жазған суреттері-очерктері және оның бұдан бұрын шыққан ән жинағынан жиырма екі ән мәтіні нотасымен беріліпті. Келер жылы 7 қарашада Ехсан Есетовтың туғанына 100 жыл толады, сол мерейтой қарсаңында Марат пен Күләш тума таланттың туған жері Қарабалық ауданы Тастыөзек ауылындағы тума-туыстарға кітап сыйлап, аудан орталығындағы Ғашура ана мешітінде ас беріп, дұға оқытыпты.
 
IMG_6116
Ағамыздың үш ұл, үш қызы болған екен, солардан қалғаны бір қыз бен екі ұл. Мараттан басқа балалары қазір Алматыда тұрады, ал Марат болса, ұзақ жылдар бойы Науырзым ауданы "Науырзым" кеңшарында агроном болып істеген, бүгіндер II Қостанайда тұрып жатыр. Күләш та, Марат та зейнеткер. Ал, Ехсан ағамыздың жұбайы Қарашаш 96 жаста, балаларымен бірге Алматыда тұрып жатыр екен.
 
 
Сәлім МЕҢДІБАЙ
СУРЕТТЕ: Марат пен Күләш Есетовтар редакцияда, аға кітабының мұқабасы.
Суретті түсірген А.ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓