«FlyArystan»: 60% жеңілдік

      FlyArystan Атырау, Қарағанды мен Шымкенттен 9 бағыт бойынша жеңілдікпен қатынауға мүмкіндік беретін сатылымды бастады. Ұшу билеттерінің құны 30-60% дейін төмендеп, 2999 – 4999 теңге аралығына тұрақтады. Атап айтқанда:
Атырау-Орал-Атырау 2999 тг.
Атырау-Қызылорда-Атырау 4999 тг.
Атырау-Қостанай-Атырау 4999 тг.
Қарағанды-Актау-Қарағанды 4999 тг.
Қарағанды-Атырау-Қарағанды 4999 тг.
Шымкент-Қостанай-Шымкент 4999 тг.
Шымкент-Павлодар-Шымкент 4999 тг.
Шымкент-Өскемен-Шымкент 4999 тг.
Шымкент-Қарағанды-Шымкент 4999 тг.
 
      Сатылым кезеңі: 2020 жылдың 4-16 қыркүйек аралығы мен 2021 жылдың 27 наурызына дейін. Бұл отандық лоукостердің бірінші науқаны емес. Бұрындары да бюджеттік компания кофе немесе киноға барып келу бағасымен саяхаттарды ұсынған еді. Науқандық билеттер қазірден бастап flyarystan.com сайтына және компания жаңадан ұсынған мобильдік қосымшада қолжетімді. Соңғысын iOS және Android негізінде жұмыс істейтін смартфон тұтынушылары телефондарына жүктеп ала алады. 
2019110614052412876_dsc_0033 (1)
      Естеріңізге сала кетсек, FlyArystan флотында 180-орынды 6 Airbus A320 әуе лайнері бар. Ұшақтар  тұрақты түрде Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Қарағанды мен Шымкенттен қатынайды.
Операциялық жұмыс басынан бері лоукостер 1 млн 500 мыңнан астам жолаушысын Қазақстанның 13 қаласына тасымалдап үлгерген екен.
Көлемі 56*36*23 см аспайтын 5 кг қолжүгімен қоса есептегендегі біржақты минималды билет құны. Жолжүк, тағам және ұшақ бортындағы орынды таңдау қызметтерін жолаушылар бөлек сатып алуға тиісті. Науқандық бағалармен сатылатын билеттер саны шектеулі және де мейрам, демалыс күндері тез сатылып кетуі мүмкін.
    FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы  – Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкес, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, «Эйр Астана»  әуе тасымалдаушысының бөлімшесі.
      2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15-ке дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр. Kazakhstan Growth Forum 2019 пікірінше бірінші отандық лоукостер жыл мәмілесі атанып, “The Best Deal of the Year” номинациясын иемденді. Ал 23-ші «Крылья России 2019» атты әуе сыйлығында қазақстандық луокостер «ТМД-ғы жыл оқиғасы» атауының жеңімпазы атанды.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓