Жоғалған қыздың мәйіті табылды
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлағанындай, 22 мамыр күні Рудный-Тобыл жолына жақын жерде салынып жатқан ғимараттан кішкентай қыздың мәйіті табылды.
Полицияның алдын ала болжамына қарағанда, бұл 2014 жылдың 24 сәуірінде із-түзсіз жоғалған Ганя Викторияның мүрдесі болуы мүмкін. Өйткені табылған қыздың киімі жоғалған қыздың киіміне ұқсайды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, мәйітті тану жүргізілуде. Еске сала кететін бір жай, Виктория Ганя жоғалғаннан кейін арнаулы жедел-тергеу тобы құрылып, волонтерлер тартылған болатын. Полиция ҚР Қылмыстық Кодексінің 96 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады. Қылмысты жасаған күдіктіні анықтау жөнінде жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.
Мінаура Қабдырахметова