Кәсіпорын мектеп жөндеп берді

Жітіқара ауданы әкімдігі мен "Комаров тау кәсіпорны" ЖШС 2017 жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Көркейе бер, Қостанай!" облыстық жобасы аясында әлеуметтік-экономикалық әріптестік туралы меморандумға қол қойған болатын. Ымыраластық мақсаты – білім, спорт, медицина, мәдениет нысандарын жөндеу, тұрмысы төмен тұрғындарға көмек көрсету, тапшы мамандарды шалғай елді мекендерге тартып, жағдайларын жасау. Осы міндеттерді орындауға тараптар 77 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған.
Мәселен, аталмыш серіктестік коронавирус инфекциясына қарсы күрес кезінде қамсыз қалмай,  Жітіқара аудандық ауруханасына 30 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл сомаға арнайы құрылғылар мен жеке қорғаныш заттары сатып алынған. Кәсіпорынның тағы бір үлкен көмегі – ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуды жоспарға алған кәсіпорын Станционный негізгі мектебінің жөндеу жұмыстарына демеушілік жасауы. ed1e31b5-5062-480c-8a8d-d0421a52fd06e3970df4-7905-4f11-836b-7dfca47d5090Серіктестік шығындаған 5,38 млн теңгеге оқу ошағының ағаш жақтаулы терезелері түгелдей пластиктік әйнектермен алмастырылды. Оның сыртында, 1,6 млн теңгеге мектеп ғимаратының қасбеті жаа кейіпке енді. Тағы 2,2 млн теңге балаларға арналған ойын құрылғыларын және воркаут элементтері бар спорт жабдықтарын орнатуға жұмсалды. e0754caa-cb34-459e-8c35-9d7a3309d5d14bd2e937-c0b7-47ea-a036-2f8d8f21e960"Комаров тау кәсіпорны" ЖШС-нің мектепті күрделі жөндеуден өткізуге бөлген қаржысы 9,18 млн теңгенің басын құрады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓