Редакцияда жаңа басшы
Басылымға жаңа басшы келді. «Қостанай таңы» газеті редакциясы» ЖШС директор-бас редакторы қызметіне Аманова Кенжеш Оразғалиқызы тағайындалды.


Журналистикадағы еңбек өтілі – 25 жыл. Бұған дейін «Rýdnyi media» серіктестігінде бас редактор лауазымында болды. Телерадио хабарларын тарату саласындағы еңбек жолы дикторлықтан басталып, біраз жылдар басшылық қызмет атқарған.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Рудный қаласына 60 жыл» (2017 ж.) сияқты мерейтойлық медальдермен марапатталған.
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.