Құрылыс барысы қадағаланды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов күні кеше жұмыс сапарымен облыс орталығында құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандарда болды. Ол бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі жеке парақшасында жазды.  7Аймақ басшысы әуелі "Апельсин" сауда орталығы құрылысының аяқталу барысын бақылай барды. Бұл сауда орталығының жалпы ауданы – 11 мың шаршы метр. Іске қосылысымен 150 жұмыс орнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бірінші қабатта азық-түлік және тауарларға арналған сауда залы орналасады, ал екінші қабатта сауда орындары жалға берілмек. 1
"Орталық басшылары аталған нысанға кіру кезінде проблемалар бар екенін айтқаннан кейін, қала әкімі Қ.Ж. Ахметовке жиналыс өткізіп, аталған нысанның ашылуына көмек көрсетуді тапсырдым", – деп жазды А.Бегежанұлы.3Облыс әкімі одан әрі Назарбаев даңғылындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі құрылысымен танысты. Бұл жоба жол қозғалысын реттеуге ыңғай туғызып қана қоймай, "Юбилейный" шағын ауданындағы сәнді нысандардың қатарын толықтыра түседі деп күтіледі. 4
5Сондай-ақ, "Тобыл Арена" стадионының көлік тұрағының жай-күйіне де назар салды. Тұрақтың 34 мың шаршы метрлік аумағы 850 көлікке шақталған. Оның сыртында, мұнда түрлі көрмелер мен іс-шаралар өткізуге болады. А.Мұхамбетов күзгі футбол ойындарына байланысты 10 күн ішінде жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды.6

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓