Оқыс оқиға
18 тамыз күні сағат 23:43-те Қостанай қаласының өрт сөндіру қызметіне Чехов көшесіндегі жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы хабарланған. Дереу шақырту орнына жеткен өрт сөндіру тобы ас үйден 1957 жылы туған ер адамның мәйіті тапты. Өрт сағат 23:56-да ауыздықталып, 00:11-де сөндірілді. Тілсіз жау 20 шаршы метрді шарпыған. Өртті сөндіруге 19 адам және 5 техника жұмылдырылды. Өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.