Көктем көп міндет жүктейді

веснаКөктем мезгілі нағыз қауырт жұмыстың басталар шағы. Бұл ең алдымен өзен-көлдеріміздің арнасынан асып-тасып, қауіпті сел тасқынын болдырмауға дайындық  һәм тұқым себу науқаны үшін диқандарымыздың қам-қарекеті. Осыған орай облыстық әкімдікте Нұралы Садуақасовтың басшылығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде әлгінде біз айтқан мәселелер қарастырылып, соған қажетті жағдайлардың бірсыпырасы талқыланды.
Қалыптасып қалған көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, биыл өңірдің оңтүстік аймақтарында наурыз айының 22-25 күндері су тасқыны болатындығын көрсетіп отыр және оның аяғы сәуір айының 21 күндері деп болжамдалып отыр. Ал, солтүстік аудандарымызда сәл кешірек, яғни 2-5 сәуір аралығында басталып, 29-да аяқталатынын ауа райы реңі байқатуда екенін облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов баяндап берді.
"Казгидрометтің" өңірдегі филиалы зерттегеніндей, күзгі жер ылғалының қысқы мезгілге өтуінде бірқалыптылық сақталып-ты. Қар түсімінің өңірдегі көрсеткі-ші бәз-баяғындай емес екен. Қа-лыпты жағдайдан кем көрінеді.
Сондықтан еш қорқыныштың лебі сезілмейтіндігін жеткізді.
Осы жерде өңір басшысы ауа райының күрт құбылып, сыр беріп қалуы әбден мүмкін екендігін, сол үшін арқаны кеңге салмау қажеттігін тапсырды. Әрі жіті қимыл таныту қажеттігін де ескертті. Мұны мұқият қаперіне ілген Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы да "Казгидромет" те қаншалықты дайын екендіктерін сөз арасында айтып өтті.
Ал, екінші мәселе тұқым себуге келгенде Нұралы Садуақасов "осы болып қалады-ау" деген  кейбір  кемшіліктерді күні бұрын ескертіп қой-ды. Ол – диқандарға жанар жағар майдың жеткіліксіздігі әрі тұқымның сапасы еді. Бұл жайында облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Байбосын Мурзин аталған шаруа жіті бақыланып жатқандығын және үкіметпен келісілген меморандумның біраз көмегі боп қалатындығын әңгімеледі.
Оның баяндауынша,бұл күні өңіріміз агроөнеркәсіп кешені жұмысын қалыпты жағдайда дамытып отыр. 5 млрд. 942 млн. теңгенің көлемінде ауыл шаруашылығы тауарының ішкі өнімін шығарса, соның ішінде мал шаруашылығы да осыған саяды.
– Жақсы түсінемін. Бізде бұдан әрі де дамытуға біраз жағдай жасалғаны белгілі. Үкіметтің барлық бағдарламаларға берілетін субсидиясы төңірегінде не айтасыз? – деп қалды өңір басшысы Нұралы Садуақасов. Бұл сұраққа Байбосын Мурзин:посевн
– Бұл туралы әсіресе, өсімдік шаруашылығына қатысты субсидияның ережелерін әлі Ауыл шаруашылық министрлігі бекіткен жоқ. Аталған жоба бойынша минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді алу бойынша былтырғы механизм сақталатын түрі бар, – деп былтырғы субсидияның ауанына көшті.
Негізі былтыр мен биылдың субсидия жобасы ара-кідік өзгеріске түсетіні анық қой. Оған әудем жылдардан басталып, сағыздай созылып, ішектей ширатылған қаржы дағдарысы әсер етері бек мүмкін.
Нұрболат   МЕШІТБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓