Ауылшаруашылық кластері құрылмақ

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданындағы «Сейдахметов Е.С» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шаруалармен кездесу барысында ол облыстағы ауылшаруашылық кластерін дамытудың маңызына тоқталды.IMG_0561«Сейдахметов Е.С» шаруа қожалығының құрылғанына 6 жыл болған. Осы уақыт аралығында олар түрлі қажеттіліктерге 800 млн теңге жұмсапты.IMG_0516– Мал шаруашылығы кешен-репродукторын дамыту аясында ірі қара мал сатып алу жылдық жоспардан түскен емес. 2012-2013 жылдары Канададан «ангус» тұқымының 600-ден астам ІҚМ сатып алдық. Себебі, түліктің бұл тұқымы өңірдің климаттық жағдайына жақсы бейімделген. Қазір қолда 650 асыл тұқымды аналық мал басы бар. Ендігі мәселе мал жаятын алқаптың жетіспеуі болып тұр. Амал жоқ, жаз кезінде 100 шақырымда орналасқан Таран ауданындағы жайылымға апарамыз. Оған кететін шығын да қалтаға салмақ түсіреді, – дейді шаруа қожалығының басшысы Ерсін Сейдахметов.IMG_0510Осыған байланысты облыс әкімі өңірде тағы бір ауылшаруашылық кластерін құруға болатынын айтты.
– Қазір облыста 4 ірі кластер жұмыс істейді. Олар: Арқалық ет комбинаты, Қарабалықтағы «Терра» шаруашылығы және Қостанайдағы «Милх» зауытының базасында орналасқан.  Төртінші кластерге май экстракциялау зауытының алқабы жатады. Енді қала шетінен тағы бір ауылшаруашылық кластерін құруды тапсырамын. Егер «Сейдахметов Е.С» ШҚ алған қарқынынан танбаса, онда жаңа база осында құрылуы мүмкін, – деді Архимед Бегежанұлы.IMG_0584
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ,
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓