Денисовта жұмыссыздар саны азайды

Сәрсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде Денисов ауданының әкімі Б.Нұрғалиевтің қатысуымен онлайн-брифинг өтті. Брифингте аудан әкімі Денисов ауданының 2020 жылдың жеті айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат берді. Оның айтуынша барлық көрсеткіштер бойынша ілгерлеу бар.

-Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнімінің нақты индексі 100,6% құрады. Қазіргі уақытта аудан шаруалары дәнді дақылдарды жинауға кірісті. Ауданда осы науқанды өткізу үшін барлық қажетті ресурстар жеткілікті. 1 миллиард 205 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл облыстық өндірістің 0,2% құрайды. Жыл басында аудан экономикасына 3 миллиард 203 миллион теңге инвестиция салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 264 миллион теңгеге артық.

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 1 миллиард 908 миллион теңге. 1215 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе көп. «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру шеңберінде Патрис Лумумба көшесіндегі ғимаратты тұрғын үйге етіп салуға 101 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді, – деді Б.Нұрғалиев.

Ауданда бизнесті дамытуды қолдауға арналған жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы бойынша Аграрлық несие корпорациясы 973 миллион теңге сомасына 6 жобаны, бизнестің жол картасы бойынша кепілдендіру және субсидиялау бойынша 4 жоба мақұлданыпты.

-COVID-19 пандемиясы кезеңінде халықты қолдау бойынша шаралар қабылдануда. «ВIZBIRGEMIZ» қорынан ауданның 482 тұрғынына, зейнеткерлерге (ең төменгі зейнетақы алатын немесе одан төмен), аз қамтылған азаматтарға 50 мың теңгеден төленді. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде жұмысынан айрылған ауданның 4381 азаматы 42500 теңгеден  әлеуметтік төлемдер алды, – дейді аудан әкімі.

Аудан басшысының айтуынша, жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» бағдарламасы бойынша қыркүйек айынан бастап 29 адамды кәсіби дайындыққа жіберу жоспарланған. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 2 миллион 120 мың теңгеге дейін 4 адам мемлекеттік гранттарды ұтыпты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 3 адам жұмысқа орналастырылып, жастар тәжірибесіне 18 адам жіберілген. Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген 409 адамның 369-ы жұмысқа орналасқан.

-Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша 74 адам жұмысқа орналастырылды, 82 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Жұмыссыздық деңгейі 1% құрады. Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда 397 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл басынан бері әлеуметтік оңалтудың түрлі түрлерімен 31 мүгедек қамтылды, – дейді Б.Нұрғалиев.

Денисов ауданында тындырылып жатқан жұмыстар ауқымды. Биыл аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға 20 миллион теңге бөлініп, оның 65% игерілген. Ағымдағы жылы «Денисовка-Зааятское» станциясы автожолына 469 миллион теңге сомасына орташа жөндеу жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында Денисов және Антонов ауылдарының көшелерін орташа жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 489 миллион 876 мың теңге бөлініпті.

сафт1

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓