“Жақыныңды қорға – бетперде тағып жүр!”
Осындай ұранмен облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп арнайы акция өткізді.

-Шараның басты мақсаты – әр адамның өз өміріне ғана емес, өзгенің де өміріне жауапты екендігін түсіндіріп, тұрғындарды бетперде киіп жүруге және денсаулықты сақтауға шақыру. Себебі, әлі де ескертулерді ескермей, санитарлық талаптарды сақтамай жүргендер де бар. Олардың дені жастар, сондықтан шараны орталық саябақта өткізуді жөн көрдік, – дейді орталық директоры А.Садуақасова.