Ізі суымай ашылды
Қостанайлық полицейлер екі көлік ұрлығын ашты деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2020 жылғы 17 тамызда Сарыкөл ауданы Маяк ауылының учаскелік полиция инспекторына 58 жастағы жергілікті тұрғын шаруа қожалығының аумағынан "МТЗ-82" маркалы тракторының жоғалып кеткенін хабарлады. Болжам бойынша, ұрлықты шаруа қожалығында жұмыс істейтіндердің бірі жасаған. Шығын көлемі – 2 млн 500 мың теңге.
Іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады, ал трактор иесіне қайтарылды.

34 жастағы күдікті әйелін іздеп табу үшін тракторды уақытша алғанын айтады. Ол бұл әрекетін сол мезетте далада жаңбыр жауып тұрғандықтан жасағанын айтып ақталды.
Дәл осындай жағдай сол күні Денисов ауданында тіркелген. Полиция бөліміне Әйет ауылының 32 жастағы тұрғынынан "ВАЗ-2109" маркалы автокөлігі ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Жәбірленуші полиция келген бойда аталған автокөліктің бағытын жобалап көрсетті. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде көлік табылды. Рөлде 26 жастағы жергілікті тұрғын болған.