Орталықтың жұмыс уақыты өзгерді

Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері орынбасарының №47 бұйрығына сәйкес, Қостанай қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттар 16.00-ге дейін қабылданатын болды.
автоцон
Қостанай облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмыс кестесі сақталған. Олар 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ, мамандандырылған қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесіне түзету енгізілді.
«Арнайы орталықта мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктеріне байланысты кесте жасалды. Орташа есеппен айтайық, жүргізуші куәлігін алуға немесе көлік құралын қайта рәсімдеуге бір жарым сағат кетеді. Құжаттарды тапсырған адам дайын нәтижені арнайы орталықта күтеді. Қызмет алушыларға дайын құжаттарды сол күні беру үшін құжаттарды қабылдау сағат 16.00-де аяқталады. Сондықтан, Қостанай облысының тұрғындары арнайы орталықта кезекке тапсырыс беру кезінде осы кестені ескеруі керек. Яғни, құжаттарды тапсыру үшін соңғы белсенді брондау уақыты 15.30 деп белгіленіп отыр. Сонымен бірге, Қостанайдағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекке алдын ала тапсырыс беріп, Рудный және Тобыл қалаларындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару керек екенін ескертемін», – деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Қостанай облысы бойынша филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева.
Естеріңізге сала кетейік, кезекке алдын ала egov.kz электрондық үкімет порталы, EgovKZBot 2.0 жеделхаты боты немесе 1414 байланыс орталығы арқылы жазылуға болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓