Зейнеткерді сабап тастады
85 жастағы Василий Лещенко автобус жүргізушісінің қолына мүгедектігі туралы құжатты бермегені үшін бірнеше соққы алды, деп хабарлайды alau.kz. Зейнеткердің сөзіне сенсек, көлік жүргізушісі оның қолын қайырып, артынша бетіне соққы жасаған.
— Мен №24 автобуспен ауруханадан келе жатқанмын. Өз аялдамамнан түспекші болып, куәлігімді ашып көрсеттім. Ал жүргізуші құжатты қолына беруін сұрады, – дейді Василий Лещенко.
Зейнеткер куәлігін беруден бас тартады. Содан соң автобус жүргізушісі оның қолын қайырып, күштеп алуға тырысқан. Тіпті болмағасын қарияның жағынан ұрады. Сол кезде куәлікті тастап жіберіпті Василий Тимофеевич.
Көлік қызметкері құжатты қолына алса да, оның растығына сенбеген. Ол зейнеткермен бірге ХҚО барады. Құжат расталады. Дегенмен, жүргізуші жайына кете салмаған. ХҚО ғимаратынан шыққаннан соң қарияға тағы да бірнеше соққы жұмсайды да, тайып отырады. Василий Лещенко "қашқын" мінген көліктің нөмірін жаттап қалыпты.
Көп ұзамай, егде кісіні төмпештеген Василий Касьянов есімді қызметкер екені анықталды. Алайда ол демалысқа шығып кетіпті.