Гуманитарлық көмек келді

Қостанайға Украинадан, Германиядан және "Хуавей Технолоджиз" компаниясынан гуманитарлық көмек келді.
гуманитар
"СҚ-Фармация" Қостанай филиалының қоймаларына ондаған термометр, импорттық ибупрофен, меропенем және басқа да препараттар келіп түсті. Украина мен Германиядан ондаған пакет гуманитарлық көмек, сондай-ақ, "Хуавей Технолоджиз Қазақстан" компаниясынан 23 термометр жеткізілді.
Гуманитарлық көмектің жөнелтілуін "Қостанай – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің, халықтық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің өкілдері қадағалады.
Байқаушылардың айтуынша, басты мақсат – ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз ету. Көмек діттеген жеріне жетуі маңызды.
Өнімдер бөлшек саудада сатылып кетпес үшін әрбір қаптамаға "тегін" арнайы мөрі қойылады. Дәрі-дәрмектер мен термометрлер жақын арада провизорлық орталықтарға, ауруханалар мен емханаларға бөлініп беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысына Түркия, Катар, Қытай және Ресейден гуманитарлық көмек келген болатын.
сурет көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓