Ант қабылдау – перзенттік парыз

– Ант қабылдау дегеніңіз, бұл адал, әділ, сатылмайтын болу ғана емес, Отанға қызмет жасау, мемлекеттің мүддесін, ҚР Конституциясын, еліңді-жеріңді, айналаңды қоршаған азаматтар мен туған-туысыңды қорғау. Еліңнің, республикаңның нағыз азаматы болу. Бірінші курс тыңдаушысы үшін ант қабылдау салтанаты күні мәңгі есте қалары сөзсіз. Ол келешекте өз ісінің кәсіби офицері болып шығуы үшін заң мен тәртіпті сақтаумен қатар аса мәдениетті, білімді, еңбекқор, өмірдің небір жағдайы мен қиыншылық сәттерде сабырлылық сақтап, байыппен бәрін шешуі тиіс, – деді бізге өз әңгімесінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов.
Салтанат аясында жиналғандарға академияның бір топ үздік спортшылары қоян-қолтық ұрыс әдістерінен көрініс қойды, барабаншы қыздар мен қысқа оқпанды винтовкашылар взводтары өздерінің өнерлерін көрсетті. Салтанат соңы шерумен аяқталды.
Гүлназым
САҒИТОВА
Суретте: ант қабылдау сәті.