«Жасыл елдің» үздігі

сайт1

Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Жасыл ел» жобасы Лисаков қаласында жыл сайын көптеген жалынды жастың басын қосып, жаз мезгілінде жұмыспен қамтып келеді. Биылғы маусымда Лисаков қаласында 65 жас жұмысқа тартылды. «Жасыл елдік» өрендер кеншілер қаласының көркеюіне атсалысты. Жасыл желектерді баптап, ағаштар мен гүлдерді суарды. Көгалдар мен көше бойындағы алаңдарды арам шөптерден тазартты. Жасақшылар осы маусымдағы еңбектері үшін жалақы алды.

«Жасыл ел» қатарында жаңадан келгендер де, қоршаған ортаның тазалығын қорғаушылар да бар. Алдымен олар жұмысқа қабылдануы үшін медициналық тексеруден өтіп, қауіпсіздік техникасымен танысады. Аталған жобаны қаржыландыруға биыл 7001,6 млн теңгені бөлінді. Жыл сайын «Жасыл ел» жасақтарына арнайы киім-кешек беріледі. Науқан 1 маусымнан 31 тамызға дейін жалғасады. Маусым айында 25 жас еңбек етті. Шілде айында 20 адам жұмыс істеді. Қазір 20 жасылелдік өз жұмыстарын аяқтауға таяу. «Жасыл ел» жасақтарын 60 000 теңгеге дейін жалақы түріндегі сыйақы күтіп тұр. Бұл жұмыс уақытының кестесіне байланысты болмақ.

Жас та болса да, туған қаласының көркеюіне атсалысқандың еңбегі еленбей қалған жоқ. 14 тамыз күні Лисаков қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Данияр Күзембаев республикалық «Жасыл ел» бағдарламасын дамытуға қосқан үлесі мен еңбегі үшін Темірлан Бердібаевты марапаттап, грамота табыс етті. 

сайт 2

Темірлан Салемжанұлы Лисаков қаласына қарасты Октябрь кентінде тұрады. Біз Темірланға хабарласып, қуанышымен бөліскен болатынбыз:

-«Жасыл ел» еңбек жасақтарында мен жазғы демалыс кезінде жұмыс істеп жүрмін. Жауынгерлер қатарында болғанымды мақтан тұтамын. «Жасыл ел» жастардың патриоттық сезімін оятады, қоршаған ортаға деген қамқорлыққа тәрбиелеп, еңбек сүйгіштікке дағдыландырады. Сондай-ақ, «Жасыл ел» – бұл ақша және жаңа достар табу мүмкіндігі, – дейді «Жасыл ел» жауынгері.

            Лисаков қаласы.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓