Өрімдей өнер иесі

«Талаптыға нұр жауар». Бұл аталы сөз Ақбота сынды жастайынан өнерге құлаш сермеген оқушыларға қаратып айтылса керек. Ол зеректігімен мұғалімдерін, қабілетімен өнердегі ұстаздарын қуантып жүр.IMG_9443
Ақбота Әлиева – Қостанай қаласындағы №10 орта мектептің оқушысы. Биыл 7-сыныпқа көшті. Үлгірімімен үлгілі қыз өз сыныбында оқушылардың алды, мектептің де мақтанышы. Оқудан тыс уақытта бимен айналысады. Облыстың брендіне айналған «Карнавал» би ұжымының құрамында жүргеніне бес жылдың жүзі. Есімі тұтас елге танымал Шамиль Фахрутдиновтың көптеген шәкірттерінің бірі. IMG_9449Бұл ансамбль – тек Қазақстанда ғана емес, Ресей, Украина және Белоруссия сахналарында өнер көрсетіп, көрермендерінің ықыласына бөленген ұжым. Осы құрамда шыңдалып жүрген Ақбота Нұрланқызы ата-анасының асқақ абыройына айналды. Болашағы жарқын қыз да «үйренгенімнен үйренерім көп» дейді. Оған қазір Людмила Казанова, Елена Шишкина, Елена Ляхова сынды хореографтар тәлім беруде. Ұстаздары да Ақботаның қабілеті мен талпынысына тәнті.IMG_9445
Өрімдей ғана өнер иесі мектептен, би сабақтарынан бөлек ағылшын тілі курсына қатысады. Ісмерлікке де жаны жақын Ақбота кесте тігіп, қолөнерліктің қыр-сырын меңгеріп жүр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓