Еріктілерге сый

Қостанайдағы "Дос" және "Регион-10" іздеу жасақтары тәртіп сақшыларына көмек көрсетуде. Еріктілер рейдтік іс-шараларға, полиция қызметкерлерімен бірге патрульдеуге, сондай-ақ, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздеуге қатысады.
Белсенділер облыс тұрғындарының карантиндік шараларды сақтау жұмыстарына да жұмылдырылды.
Жергілікті полиция бөлімінің бастығы Марат Сахратовтың айтуынша, полиция мен еріктілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында көптеген құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алды.
еріктілерге
– Біз еріктілермен тәулігіне 24 сағат байланыстамыз. Олар түн ортасында хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге қосылған жағдайлар болды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үнемі қатысады, бізбен бірге азаматтарға пандемия кезінде карантиндік шараларды сақтау туралы түсіндіреді, – дейді Марат Сахратов.
Жыл басынан бері еріктілердің көмегімен аймақта 30-дан астам адам табылды, олардың көпшілігі жасөспірімдер мен зейнеткерлер. Сондай-ақ, олар полиция қызметкерлеріне есірткі сайттарымен күресуге көмектеседі. 
Еріктілердің жұмысы елеусіз емес.
–Тоқсан сайын біз құқық бұзушылықтың алдын алуда белсенділік танытқан үздік еріктілерді ақшалай көтермелеу көзделді. 2 тоқсанның қорытындысы бойынша 14 адам марапатталды. Бұл тәжірибе жалғасын табады, – деп атап өтті полиция подполковнигі.дос
Сонымен қатар, "Дос" іздестіру-құтқару жасағының үйлестірушісі Олеся Логошиновачевскаяның айтуынша, полицейлерден ынталандыру үшін олар рациялар, жилеттер, жапсырмалар және басқа да атрибуттарды сатып алған. Бұл жолы олар ұзақ уақыт бойы армандаған дронды сатып алды.
квадр
– Облыс бойынша "Дос" жасағында екі жүзге жуық адам бар. Волонтерлеріміз ақшалай қаражатты қажетті затқа жұмсауды жөн санады. Міне, ынталандыру үшін біз квадрокоптер сатып алдық. Бұған өте қуаныштымыз. Енді, менің ойымша, біздің бірлескен жұмысымыз одан да тиімді болады, – деді Олеся Логошиновская.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓