Заречныйда балабақша ашылды

Бүгін Қостанай ауданының Заречный ауылында «Әдемі» балабақшасы ашылды.24a178ce-c503-41d2-bfd2-8fdd57d7981a9f648be9-7b30-4b25-a202-02bbd29483fbҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған бөбекжайдың салтанатты ашылу салтанатына облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова мен Қостанай ауданының әкімі Жансұлтан Таукенов қатысты.d4a38825-9423-40b3-b73b-8f9ffeb6d429Тоқсан орындық балабақша Северный шағын ауданында орналасқан. Нысан жеке инвестициялар есебінен салынды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін болады.4e2b0909-7cce-47a6-b8c1-c437d32683df«Қостанай ауданында 7 балабақша (оның екеуі жеке) бар. 900-ден астам бала қамтылып отыр. Сондай-ақ, мыңнан артық баланы қамтитын 44 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істеп тұр. Бүгін жаңа балабақшада 19 жұмыс орны ашылды», – деп атап өтті аудан әкімі Ж.Таукенов.748ac34d-9492-4cc5-8837-2b547057787a2b82b52d-deb5-4719-b08b-82ca442196bb386a8fa2-8397-46c9-9057-b6d02b393683Бүгінде Қостанай облысында 31 мыңнан астам (31 697) бала 579 балабақша мен шағын орталыққа барып жүр. Оның ішінде 7 мыңнан астам бала (7 308) тәрбиеленетін 76 жеке ұйым жұмыс істейді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓