Амандыққа ештеңе жетпейді

сайтка 1

«Той – тәңірдің қазынасы», «тойдың боларынан боладысы қызық» немесе «өлімнен ұят күшті» деп өлеңді жер мен өлімді жерді ерекше қадір тұтқан халықпыз. Алайда бүгінгі ел ішіндегі аласапыран уақытта мұндай жиындарға тыйым салынды. Соған қарамастан, жасырын түрде бас қосып, құдалық, беташар, туған күн тойлағандар мен ас беріп, атақ оздырғандар қатары сиремей тұр. Карантин тәртібін ғана емес, көптің шырқын бұзуға себепші болғандар жайында күнделікті естіп-біліп отырмыз.

Наурыз айынан мамырдың соңына дейін қатаң талаптарды сақтап келіп, бір сәтке карантин жеңілдей қалғаны сол еді, ойға-қырға ас-той деп ағылған жұрттың қатары жиілеп кетті. Өкінішімізге қарай, індет жұқтырғандар саны да артып, өкпе қабынудан қаза болғандар саны жиілеп кетті. Қаншама жан дем жетпей, бір жұтым ауаға зар болып жатты.

Құдайға шүкір Мемлекет басшысының пәрменімен, үкіметтің шектеу шараларын күшейтуінің әрі халықтың да осы дертті мойындауының арқасында шілде айының ортасынан бері аурудың беті қайтып келеді. Емделіп жазылғандар қатары артты, тыныс алу аппараттары жан-жақтан жеткізіліп жатыр. Бірақ әлі қауіп бар.

Індетті толық жеңу үшін әлі де шыдамдылық танытқанымыз жөн. Осы орайда мен жерлестеріме сабырлық сақтап, үйде отыруға кеңес беремін. Алда оқу жылы басталуға жақын. Алғашқы тоқсандар қашықтан білім алмақшы. Балаларымыздың ауырмай-сырқамай сабаққа қатысқаны керек бізге.

Осы себепті, бір-бірімізге қонаққа барудан тыйылып, қоғамдық орындарда сақтық шараларын қатаң сақтамасақ, бұл індетті өршіту қаупін тоқтата алмаймыз.

            Қадыр ҚАРЖАУОВ,

            ҚР мәдениет қайраткері.

          Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншісі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓